Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім ратификацияланды

Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім ратификацияланды
Фото: El.kz 24.05.2023 10:48 805

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келісімді ратификациялаудың мақсаты – тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік бойынша мәліметтермен электрондық нысанда алмасу арқылы кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту, - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Келісімнің ережелеріне сәйкес тараптардың кеден органдары алдын ала мәліметтерді іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарда құзыретті лауазымды тұлғалардың тізімін айқындайтын болады. Сондай-ақ ақпарат алмасудың техникалық шарттарын әзірлейді және пилоттық жобаны іске асыруға кірісетінін айтты.

Жоба аяқталғаннан кейін тараптардың кеден органдары мәліметтермен алмасуды тұрақты негізде байстайды.

Екі ел арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім 2022 жылғы 10 мамыр күні Анкарада жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға