Жаңалықтар

Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 27.01.2024 04:29 924

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Ориенбонк» ААҚ Басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық операцияларды жүргізу кезінде банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру, Қазақстанның банк операцияларын цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерделеу салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды, сондай-ақ басқа да перспективалы жобаларды қаржыландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

«Ориенбонк» ААҚ активтер мен капитал мөлшері бойынша Тәжікстанның банк секторының көшбасшыларының бірі. Оның 32 филиалы, 242 банктік қызмет көрсету орталығы бар, онда 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға