Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 24.12.2024 19:39 252

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді.

Сонымен қатар келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді.

Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің ерліктерін еске алуға бағытталған. Бірлескен бастамалар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін, – деді Аида Балаева.

Кездесу барысында тараптар кинематография және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ музей ісі мен театр өнері бойынша шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға