Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей теңіз көлігі саласында ынтымақтастық орнатуда

Қазақстан мен Ресей теңіз көлігі саласында ынтымақтастық орнатуда
Фото: Көлік министрлігі 06.08.2024 01:32 403

Қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев Мурманск портына барып, Мурманск өңірі Әкімшілігінің басшылығымен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін талқылады.

Мурманск өңірі әкімшілігінің ақпаратына сәйкес Мурманск портының жүк айналымы жылдан жылға тұрақты түрде өсіп келеді. Былтыр Мурманск портының жүк айналымы 58 млн тоннаны құрады. Келесі жылы іске қосылуы жоспарланған жаңа Лавна порты терминалының құрылыс жұмыстары жоғары қарқынмен жүрүде.

"Бүгінгі кездесуге Қазақстанның бизнес өкілдері де қатысуда. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға барлық алғышарттар бар", - деп атап өтті көлік министрі Марат Қарабаев.

Қазақстандық делегация ресейлік әріптестерін еліміздегі порт инфрақұрылымы, теміржолдардың  өткізу қабілеті мен жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі терминалдардың мүмкіндіктері туралы мәлім етті.

Сонымен қатар делегация өкілдері Лавна сауда портына, Мурманск теңіз сауда портына және де Мурманск балкер терминалына барды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға