Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей су тасқынына байланысты жедел ақпарат алмасуда

Қазақстан мен Ресей су тасқынына байланысты жедел ақпарат алмасуда
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 06.04.2024 15:32 1287

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясының аумағында бірқатар трансшекаралық өзендер бойынша су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен де тәулік бойы гидрологиялық деректер алмасады.

Сондай-ақ, Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен тұрақты ақпарат алмасуда.

Ресейлік әріптестерімізбен соңғы деректерді алмасқаннан кейін еліміздегі су қоймаларының су ағынын дәлірек реттеуге мүмкіндігіміз бар, сондай-ақ әкімдіктер мен ТЖД-ны уақтылы хабардар ете аламыз. Ресей Федерациясының су ресурстары федералды агенттігімен тығыз ынтымақтастық табиғаттың тосын мінезіне алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға