Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей архив саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Ресей архив саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 27.09.2024 13:46 413

Петропавл қаласында Архив ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқосуда екі елдің өкілдері архив саласының жай-күйі, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен құжаттар жинағын дайындау барысын талқылады. Оның қатарында «Казахстан в Великой Отечественной войне.1940-1945», «Целина: освоение целинных и залежных земель в России и Казахстане. Конец 1920-х-1960-е гг.», «Россия и Казахстан. Судьбы детей в эпоху потрясений. 1930-1940-е годы», «Становление и развитие науки Казахстана», «Документальные свидетельства героизма казахстанцев в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.)» кітаптары бар.

Жиында Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын оқыды. Құттықтау хатта министр екі мемлекеттің архивтік материалдары тарихшылар мен зерттеушілер үшін үлкен маңызға ие екенін және комиссияның міндеті осы дереккөздерге қол жеткізуді қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Отырыс аясында қазақстандық және ресейлік архившілердің дайындаған «Қазақстан мен Ресейдегі ашаршылық.1927-1934 жж.» құжаттар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға