Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА
07.02.2024 15:14
994
2024 жылғы 9-11 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлкеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 9-11 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға