Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім: қандастарға азаматтық алу қиындай ма?

Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім: қандастарға азаматтық алу қиындай ма?
Фото: gov.kz 02.10.2023 17:41 2259

20 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге байланысты Қытай қазақтарының мәселелерімен айналысатын ұйымдар бұл қандастардың елімізге кіріп-шығуын қиындатады деп дабыл қағып жатыр. Олар Алматыда бірнеше жиын өткізіп те үлгерді. Қандастар берген ақпаратқа сәйкес, осы Қазақстан мен Қытай арасында жасалған келісімді негізге алып, Қазақстан азаматтығын сұраған қандастарға Қытай тарапы бета жариялай алатынын айтады. Осылай қауіптенуге негіз бар ма? СІМ өкілі жауап берді.

Бұл – ІІМ құзыретіндегі сұрақ. Толық жауап бере алмаймын. Бірақ менің білуімше, бұл құжат екі ел арасындағы қос азаматтықпен жүрген азаматтарды анықтап, заңсыздыққа жол бермеу үшін жасалып отыр, - деді ол.

Бұл Қытайдан да, Қазақстаннан да әлеуметтік көмек пен төлем алып отырғандарға қарсы жасалып отыр.

Біздің Қытайдан келген қандастардың барлығы болмаса да арасында Қытай азаматтығынан шықпай, зейнетақы алып, Қазақстанда өмір сүріп жүрген азаматтар бар. Қытайдан келген қазақстандықтардан құралған қауым бар. Сол ұйым бізге мұндай азаматтарды анықтауға көмектесті. Солардың көмегімен бұлай жүрген азаматтардың бар екені расталды, - деді ол.

Сондай-ақ Смадияров екі мемлекеттен төлем алу заңсыз екенін, жазаға тартылатынын айтты. Оның сөзінше, бұл келісімшартта бета туралы жазылмаған.

Тек қана қос азаматтық немесе төлем қатынастарын тексеру үшін келісімшартқа қол қойдық. 1 ай визасыз режимге көшейін деп жатырмыз. Сол үшін де реттеу керек. Бұл – Қазақстанның және Қытайдың қауіпсіздігі үшін керек, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға