Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстанның саяси кеңістігін жарқын болашақ күтіп тұр – Медетхан Шерімқұлов

Бұл туралы Орталық Азия медиа форумының кулуарында айтты
Қазақстан мен Қырғызстанның саяси кеңістігін жарқын болашақ күтіп тұр – Медетхан Шерімқұлов
Фото: El.kz 20.12.2022 13:52 1122

Қырғызстан билігіне Садыр Жапаров президент болып келгелі елдегі жемқорлықпен күрес қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырылып жатыр. Қырғызстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің бұрыңғы өкілі Медетхан Шерімқұлов Қырғызстандағы саяси ахуалды El.kz тілшісіне айтып берді.

«Қырғызстанда 30 жылдан бері шешілмей келе жатқан «Құмтөр» мәселесін шешуге атсалысты. Құмтөрден шығатын алтын шетелге негізсіз кетіп, Қырғызстан байлығы оңай таратылды. 25 жылдың ішінде 300 тонна алтын алынды. Осы тұста еліміз 30 тоннасын ғана тұтынды. Қазіргі президент Садыр Жапаровтың жарлығымен бұл байлық Қырғызстанның жеке меншігіне айналып, шетелге жіберуден бас тартылды. Бұл біздің еліміз үшін қабылданған аса маңызды шешімдердің бірі болды», - деді Медетхан Шерімқұлов.

Әлемдік ахуал барлық елге бірдей әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, саяси ахуалды шешу мықты басшыға байланысты екенін атап өтті. Бұл тұрғыда Қазақстан мен Қырғызстан саяси кеңістігін жарқын болашақ күтіп тұрғанын айтады.

Биыл Қазақстанда жаңа реформалар қабылданып, іске асырылып жатыр. Бұл тұрғыдан Қырғызстанның Қазақстаннан алары көп деп есептеймін. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформасын халық қолдап жатыр. Бұндай қолдауға қол жеткізу үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаевты қырғыздар «қырғыз» деп есептейді. Себебі ол Қырғызстанда өсті, көптеген жылдар бойы жұмыс істеді. Сондықтан ол бізге жақын жан. Қырғыздарда «өзгенікі жақсы, өзіміздікі одан да жақсы сөз бар»», - деді Медетхан Шерімқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға