Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланысты дамыту мәселелері талқыланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланысты дамыту  мәселелері талқыланды
Фото: Ақорда 26.10.2022 20:30 1960

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz

Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту, өзара ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

Ерлан Қарин соңғы жылдары екі елдің көптеген мәдени және ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатқанын айтты. Мұның барлығы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының ерекше сипатын және біздің Қырғызстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенімізді көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың мәні мен маңызына тоқталды. Оның ішінде, Конституциялық реформалардың ерекшелігі, республикалық референдум қорытындылары, алдағы сайлаулардың мазмұны жайында атап өтті.

Суйунбек Касмамбетов Қырғызстан тарапы Қазақстанда атқарылып жатқан саяси реформаларды жоғары бағалайтынын және олардың сәтті жүзеге асуына тілектес екендерін жеткізді.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары көршілес елде кең көлемде аталып өткенін жеткізді. Бұдан бөлек биыл қазақ-қырғыз өнерпаздарының қатысуымен 19 ірі іс-шара ұйымдастырылып, екі елдің мәдени байланысының нығая түскенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға