Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғыз өрт сөндірушілері бірлескен оқу-жаттығулар өткізіп жатыр

Қазақстан мен Қырғыз өрт сөндірушілері бірлескен оқу-жаттығулар өткізіп жатыр
Фото: gov.kz 26.07.2023 03:33 1089

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қырғыз Республикасымен бірлескен шекаралық оқу-жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің шекаралас аумақтарында және трансшекаралық төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды сөндіру туралы келісімді іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 25 шілдеде Алматы облысының аумағында Кеген ауданында «Өртке қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша Қырғыз Республикасымен бірлескен трансшекаралық оқу-жаттығулар өткізілуде.

Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу орны болып Мыңжылқы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде (Қарқара Түп шекара бекеті) орналасқан Қарқара ауылдық округі белгіленді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ыстықкөл облысы бойынша бөлімшелерінің және «Кеген орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерінің әртүрлі санаттағы трансшекаралық орман-дала өрттерін жою кезіндегі практикалық өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығу шеңберінде Алматы облысы ТЖД, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Ыстықкөл облысы бойынша қызметкерлерін, «Кеген орман шаруашылығы» КММ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін тарта отырып, шартты өрт ошағын сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды. Практикалық сабақтар, сондай-ақ арнайы техникамен және жеке құраммен мемлекеттік шекараны кесіп өту алгоритмі пысықталды.

Оқу-жаттығуға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 5 бірлік техника мен 24 қызметкер, Қырғыз Республикасының күштері мен құралдарынан 2 бірлік техника мен 10 адам, сондай-ақ Кеген орман шаруашылығынан 5 бірлік техника мен 14 адам, Кеген ауданының ЖПҚ 1 экипаж мен 2 адам, ЖМКБ-нан 1 бригада мен 3 адам жұмылдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға