Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 9 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 8:31-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер:
Есептік қарқындылығы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балды құрады.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
