Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сотталғандарды беру жөнінде заң қабылданды

Бұл туралы Сенат отырысында айтылды
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сотталғандарды беру жөнінде заң қабылданды
Фото: kt.kz 09.02.2023 11:48 1046

Сенат Қазақстан мен Өзбекстанда бас бостандығынан айырылған азаматтарды елдеріне қайтару туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сотталған адамдарды беру жөніндегі шарт еліміздің Конституциясы бекіткен талаптарды жүзеге асыруға бағытталған. Конституцияда елімізден тыс жерлерде жүрген азаматтарды қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік беріледі делінген. Конституция талаптарын орындау мақсатында Бас прокуратура басқа елдермен бас бостандығынан айырылған азаматтардың жазасын елімізде өтеу үшін беру туралы келісімдер жасау жұмысын жүйелі жасап жатыр», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев.

Алдынғы шарт бойынша 22 елмен 2 жақты шарт жасал. Оның 21-і ратификациялады. Өзбекстанмен арадағы келісім осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың жалғасы. Бұл келісім Қазақстан мен Өзбекстанның бір біріне деген сенім белгісі екенін атап өтті.

«Аталған құжатқа қол қою үшін бірнеше жыл келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде екі тарап ортақ келісімге келді. Қазіргі таңда Қазақстанның бас бостандығынан айыру мемлекеттік мекемелерінде 486 Өзбекстан азаматы жазасын өтеуде. Бұл Қазақстанда осындай жазаға тартылған шетел азаматтарының жартысын құрайды. Ал, Өзбекстанда 20 Қазақстан азаматы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, көп жағдайда өзге елде жазасын өтеп жатқандар жергілікті халықтың тілін, салтын білмейді. Ортасы бөлек болғандықтан адамдармен қарым-қатынасы қиындайды. Туған жерінен, туыстарынан алшақ болған соң ондай адамды қоғамға қайта бейімдеу оңай болмайтыны белгілі.

Шартта сотталған адамдарды берудің және бастартудың негізгі шарттары көрсетілген. Сотталған адам мынадай жағдайларда беріледі. Егерде ол екі елдің бірінің азаматы болса; оның әрекеті екі елде де қылмыс деп саналса;кемінде бір жыл өтейтін уақыты қалса; екі елде беруге келіссе;

Ал мынадай жағдайларда берілмейді: егерде ел егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жағдайда; ұлттық заннамаға қайшы келсе; қаржылай қарыздары сақталса;әлі сот процесі немесе тергеу жүріп жатқан жағдайларда.

«Сотталғандар еркінен тыс талаптарда берілмейді. Себебі, шарттың бас талаптарының бірі сотталған адам жазасын өз елінде өтеу туралы ниет білдіріп, өтініш беруі тиіс. Шартты ратификациялау біздің және көрші елдің азаматтардың Конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңына сәйкес бұл шарт ратификациялауға жатады. Өйткені адам құқықтарына тікелей қатысты», - деді Әсет Шындалиев.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл шарттың мақсаты сотталғандардың жазасын өз елдерінде өтеуге, сондай-ақ түзеліп қоғамдық өмірге қайта бейімделуіне жәрдемдесу. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы екі бауырлас ел арасындағы құқық саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп сенетінін айта кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға