Жаңалықтар

Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады

Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады
Фото: gov.kz 20.12.2023 20:01 841

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы, әсіресе, түркі мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы туралы кеңінен сөз болды.

Аида Балаева министрлік ақпарат, дін саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекет пен азаматтық қоғам іс-қимылының тиімді моделін құру, жастар, отбасылық және гендерлік саясат, этносаралық келісім, мәдениет пен архив ісі мәселелерін іске асыру жөніндегі негізгі орган екенін айтты.

Екі елдің арасындағы мәдениет, ақпарат және жастар саясаты салаларында өзара белсенді іс-қимыл жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасындағы ерекше назар аударатын тағы бір сала - креативті индустрия. Осы орайда, сіздермен аталған бағытта да  тығыз байланыс орнатқымыз келеді, - деді министр.

Өз кезегінде Отто Иван Рона Мажарстанның Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етуі аясында бірқатар ауқымды мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрады. Екі елдің мәдени қарым-қатынасы мен достығын насихаттап, тәжірибе алмасу мақсатында Мажарстан Опера театрының гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, Қазақстанда кино апталығын өткізу және қазақ-венгр фильмдерін көрсету жоспарланған.

Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-қимылдардың келешегі туралы пікір бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға