Жаңалықтар

Қазақстан мен Хорватия серіктестікті нығайтады

Қазақстан мен Хорватия серіктестікті нығайтады
Фото: Сыртқы істер министрлігі 20.03.2024 06:27 563

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Хорватияның Қазақстандағы Елшісі Рефик Шабанович сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударып, екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша «сағаттарын теңестірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екіжақты қарым-қатынастар тарихында бірінші рет ү.ж. қаңтарда өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК тең төрағалары ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Хорватияның Экономика және тұрақты даму министрлігі болып табылады) бірінші отырысы екіжақты тауар айналымының ұлғаюын қамтамасыз етіп, энергетика, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, туризм және денсаулық сақтау сияқты салалардағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға негіз қалады, – деп атап өтті Роман Василенко. 

Іс-шаралар кестесін қарастыра отырып, тараптар ү.ж. 25 сәуірде Загребте жоспарланған Қазақстан-Хорватия Іскерлік кеңес отырысының  тұсау кесері және бизнес-форумға дайындық барысын талқылады. Аталған іс-шаралар екі елдің кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе және идеялармен алмасуға, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын табуға бірегей алаң береді.

Сондай-ақ, тараптар көлік-логистикалық сектордағы ынтымақтастықты тереңдетуге, оның ішінде «Орта дәлізді» дамытуға және Хорватияның негізгі теңіз порттарының (Риека, Задар, Плоче) мүмкіндіктерін пайдалануға қызығушылық білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша, дипломаттар тұрақты саяси диалогты қолдауға, парламентаралық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ құқықтық базаны кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

2023 жылы Қазақстан мен Хорватия арасындағы өзара сауда көлемі 19,5%-ға өсіп, 432 млн АҚШ долларын құрады (ҚР экспорты – 397,98 млн, ҚР импорты – 34,03 млн).

Қазақстанда Хорватияның қатысуымен құрылыс, тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету, кәсіби және ғылыми-техникалық қызмет салаларында 18 компания жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға