Жаңалықтар

Қазақстан мен Франция туризм аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Франция туризм аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 26.01.2024 23:27 1181

Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен франциялық Accor қонақ үй тобы және ALAZAR GROUP ЖШС арасында бірлескен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Құжатқа қол қою рәсіміне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов, Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұртас Кәріпбаев, Павлодар облысы әкімдігінің өкілі, New East Europe өңіріндегі Accor бас директоры Алексис Деларофф және ALAZAR GROUP ЖШС және Orient Finance Group ЖШС өкілі Руслан Шаекин қатысты.

Мемлекет басшысы инвестициялық әлеуетті арттыру және туризм саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажеттігін үнемі айтып келеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 800 млрд теңгеге жетті. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп (2022 жылы 513 млрд теңге), ал орналастыру орындарының саны алғаш рет төрт мыңнан асты.

Қонақжай индустриясында әр алуан және толықтай интеграцияланған экожүйелері бар Accor қонақ үй желісі орналастыру орындары бойынша жобаларды іске асыруы еліміздегі туризм саласын дамытуға зор үлес қосады деп үміттенемін. Әлемге әйгілі халықаралық компаниямен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу жемісті және табысты келісім болады деген сенімдеміз, - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Accor – әлемнің 110-нан аса елінде сауықтыру орталықтары мен коворкингтер, 5500 қонақ үй, 10 000 мейрамхана мен барларды біріктіретін әлемдегі жетекші қонақ үй тобы. Аталған компания қонақжай индустриядағы әралуан және толықтай интеграцияланған экожүйелер бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға