Жаңалықтар

Қазақстан мен Еуропаның жастар ұйымдары ынтымақтастықты арттырмақ

Қазақстан мен Еуропаның жастар ұйымдары ынтымақтастықты арттырмақ
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 13.08.2024 14:49 502

Астанада Қазақстан мен Еуропа кеңесі арасындағы Жастар ынтымақтастығының келешегі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Еуропаның жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған отырыс өтті.

Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Еуропа кеңесінің, Еуропалық жастар карточкалық қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ республикалық жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның азаматтық секторы мен Еуропа Кеңесінің жастар саясаты саласындағы бірлескен жобалары талқыланды.

Атап айтқанда, бірқатар отандық ҒӨБ Еуропалық жастар картасы қауымдастығымен белсенді ынтымақтастыққа дайын. Бұл серіктестік жастарының жүріп-тұруына, орналасуға, мәдениет нысандарына баруға, тілдік курстарды, тауарлар мен қызметтерді пайдалану кезінде ақпарат алуға, шегерімдер мен жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қазақстандық және еуропалық жастардың P2P оқыту, яғни өзара оқыту форматындағы өзара іс-қимылы жоспарлануда.

Мұндай әріптестік Жастар бастамаларын дамытуға, әлеуметтік саланы жақсартуға және тұрақты дамуды қолдауға ықпал етеді.

Сонымен қатар Халықаралық жастар күніне арналған кездесуде мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар ұйымдарының ең белсенді өкілдерін марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға