Жаңалықтар

Қазақстан мен Еуроодақ құқықтық саладағы ынтымақтастықтың күн тәртібін қарады

Қазақстан мен Еуроодақ құқықтық саладағы ынтымақтастықтың күн тәртібін қарады
Фото: ҚР Бас прокуратурасы 11.03.2023 09:32 2004

Брюссельде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі Кіші комитеттің және адам құқықтары жөніндегі диалогтың отырыстары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының  баспасөзқ қызметі мәлімдеді. 
Қазақстандық делегациядан Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
Осы іс-шаралардың тең төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев олардың ерекше маңыздылығын атап өтті, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары басты құндылықтар болып табылады.
Тараптар азаптауларды алдын алу, заңсыз көші-қонға, терроризмге, есірткі қылмысына, көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот-құқықтық реформа, Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы еуропалық конвенцияларға қосылу бастамасы туралы мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, азаматтық қоғамды дамыту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сөз және дін бостандығы туралы пікір алмасты.
Аталған отырыстардың соңында тараптар бірлескен қызметтің одан әрі қадамдарын белгілеп, тиісті Хаттамаға қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға