Жаңалықтар

Қазақстан мен Еуроодақ ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуді қарастырады

Қазақстан мен Еуроодақ ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуді қарастырады
Фото: ҚР СІМ 16.05.2023 10:08 918

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер бойынша Еуропалық комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді.

ҚР СІМ мәліметінше, келіссөздер нәтижесінде тараптар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

М.Нұртілеу сұхбаттасын Қазақстанның визалық саясаты, ҚР тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан Үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шаралар және осы бағыттағы жұмыстың басқа да маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, - делінген мәліметте.

И.Йоханссон да Еуроодақтың Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және тараптардың азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ұмтылатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға