Жаңалықтар

Қазақстан мен Белиз визасыз режим орнатады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті
Қазақстан мен Белиз визасыз режим орнатады
Фото: gov.kz 19.10.2022 18:44 1498

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Белиз Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық департаментінің директоры Орла Кантун Колманмен алғашқы консулдық консультациялар өткізді, деп хабарлайды El.kz

Тараптар достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін үлкен қызығушылықпен атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттарының иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты.

Б. Ақатаев сыртқы саяси ведомствосының Кариб қоғамдастығы (CARICOM) өңірімен түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі тереңдету ниеті туралы және үкіметаралық құжаттарға қол қою оның тікелей растауы болып табылатыны туралы хабарлады.

О. Кантун Колман екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келісуге бар күшін салуға дайын екенін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға