Жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты
Фото: t.me/KZgovernment 26.09.2023 09:28 750

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті.

Беларусь - Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес.

Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, $1 млрд шегінен асты.

Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация.

Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі, — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Беларусь премьер-министрі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.

Қазіргі бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз, — деді Роман Головченко.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға