Жаңалықтар

Қазақстан мен БАӘ-нің екіжақты даму перспективалары талқыланды

Қазақстан мен БАӘ-нің екіжақты даму перспективалары талқыланды
Фото: © PressMFAKZ 10.12.2023 10:14 767

Қазақстан және БАӘ СІМ басшылары екіжақты қатынастардың жай күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді.

ҚР СІМ басшысы өз әріптесін Дубай қаласында 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қатысушы мемлекеттердің COP28 конференциясын сәтті ұйымдастыруымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктердің климаттың өзгеруімен күрестегі көшбасшылық саясатын атап өтіп, елдеріміздің халықаралық бастамалары мен ұлттық міндеттемелерінің жоғары маңызына тоқталды.

Екіжақты ынтымақтастықты талқылау кезінде М.Нұртілеу Әмірліктер Қазақстанның өңірдегі аса маңызды серіктесі екенін және біздің елдерімізді дәстүрлі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға