Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжанның «Хазри-2023» әскери-теңіз жаттығуы өтеді

Қазақстан мен Әзербайжанның «Хазри-2023» әскери-теңіз жаттығуы өтеді
Фото: gov.kz 02.10.2023 18:35 846

Әзербайжанның астанасы Бакуге «Сарыарқа», «Орал» зымыранды-артиллериялық корабльдерімен және «Жайық» гидрографиялық кемесімен Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Хазри-2023» бірлескен оқу-жаттығу жоспарына брифинг, Әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығулары, корабльдерді ұрысқа үйлестіру, оқу-жаттығу шеңберінде жауынгерлік іс-қимылды жоспарлау және ұйымдастыру кіреді.

Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері қауіп төнген жағдайда террористік топтарды бейтараптандыру, әуе және құрлық нысандарын жою, азаматтық корабльдер мен оның экипажын азат ету, зардап шеккен кемеге көмек көрсету бойынша сценарийлер мен эпизодтарды пысықтайды.

Бұл шаралар бірлескен операцияларды жоспарлау және іске асыру дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелердің тиімді және келісімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға