Жаңалықтар

Қазақстан мен араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан мен араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Фото: СІМ 08.02.2023 12:03 1602

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш елімізде араб мемлекеттерінің елшілерімен және уақытша сенімді өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен көпжақты форматтағы өзара әрекеттесудің мәселелерін талқылады. Екіжақты қарым-қатынастарды кең көлемде әрі қарай нығайту бойынша ой-пікірлермен алмасты.

Кездесуге қатысқандар қазіргі уақытта Қазақстан мен араб елдері арасында барлық деңгейлерде ашық әрі сенімді диалогтың орнатылғанын атап өтті. Бұл, өз кезегінде, түрлі салалардағы ынтымақтастықтың әрі қарай кеңеюін қамтамасыз етеді.

Қазақстан мен араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Тараптар алдағы жылдарда Қазақстанның Араб әлемімен серіктестігі бірлескен күш-жігердің арқасында жаңа сапалы деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Қ. Тумыш әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға әрдайым көрсетілетін қолдаулары мен үнемі дайындықтары үшін араб елшілеріне ризашылығын білдірді. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында араб елшіліктерінің жұмыстарына жан-жақты жәрдем көрсетуге өзінің дайындығын қуаттады.

Сонымен қатар, дипломаттар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, осы маңызды аймақтың саяси тұрақтылығын әрі қарай сақтау қажеттігін атап өтті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға