Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ сауда-инвестициялық ынтымақтастық қай деңгейде

Қазақстан мен АҚШ сауда-инвестициялық ынтымақтастық қай деңгейде
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 14.06.2024 22:16 1142

Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында тараптар қазақ-америкалық сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сұхбаттастар өңірлік форматтағы TIFA отырысының және үкімет деңгейіндегі екіжақты кездесулердің нәтижелерін жоғары бағалады, олар АҚШ пен Орталық Азия елдері Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылғанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Осындай іс-шараның өңірдегі сауда-инвестициялық өсімінің драйвері – Астанада өтуі символикалық маңызға ие.

Құрама Штаттары – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторы, елімізге салған капитал көлемі 60 млрд АҚШ долларынан асады. 2023 жылы өзара тауар айналымы 33%-ға өсіп, 4 млрд долларға жетті, бұл елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді серіктестігін көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға