Қазақстан креативті индустрия бойынша әлемдік рейтингте 28 позицияға көтерілді

Женевада (Швейцария) Global Innovation Index-2024 (GII) беделді әлемдік рейтингінің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылар білім, ғылым, бизнес, технология және инновация саласындағы жетістіктер – барлығы 80 көрсеткіш бойынша 130-дан астам елдің рейтингін жасады.
Қазақстанның креативті нарығында қарқынды даму серпіні байқалды. Ел «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-тен 65-орынға көтерілді.
Қазақстан «Ұлттық көркем фильмдер» көрсеткішінде де серпіліс жасап, 61-орыннан 31-орынға көтерілді.
Орталық және Оңтүстік Азияның аймақтық рейтингінде Қазақстан алғашқы үштікке еніп, Үндістан мен Ираннан кейінгі орнын сақтап қалды.
Global Innovation Index-ті БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) жасайды. GII рейтингі халықаралық бедел мен инвестиция тартуға айтарлықтай әсер етеді.
