Жаңалықтар

Қазақстан Конституциясы күні Эфиопияда атап өтілді

Қазақстан Конституциясы күні Эфиопияда атап өтілді
Фото: ҚР СІМ 26.08.2023 19:32 1028

Қазақстанның Эфиопиядағы елшілігі эфиопиялық БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырған семинарда Қазақстандағы демократиялық өзгерістер жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген түзетулерді іске асыру ретінде қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, Конституция күніне орайластырылған іс-шара барысында Қазақстанның Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін тең құқықтар мен әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ететін, әділетті және халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға бағытталған демократиялық дамудың қазақстандық жолы туралы айтып берді.

Ол өткен жылы маусым айында жалпыұлттық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясының өзгерістерін еске салып, саяси басшылықтың сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою, қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын жетілдіру, орта таптың өсуін қамтамасыз ету және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі одан әрі реформаларға бейілділігін атап өтті.

Бұл ретте, Елші қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты және ел халқының бірлігін сақтау мақсатында Қазақстанның демократиялық өзгерістердегі транспарентті және инклюзивті көзқарасқа ерекше назар беріліп отыр деді.

Б. Садықов журналистерге Қазақстан және қазақ-эфиопиялық екіжақты қарым-қатынастар туралы қызықты жарияланымдары үшін алғысын білдірді және Эфиопиялық ақпарат агенттігінің редакторы Госайе Натеуиді Қазақстан СІМ ұйымдастырған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық байқауындағы жеңісімен құттықтады.

Семинар аясында Эфиопия БАҚ журналистеріне Мағжан Жұмабаев, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов және т.б. Алаш Орда партиясы мен Үкіметінің ұлы қайраткерлерінің Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына және заманауи қазақ мемлекеттілігіне қосқан үлесіне арналған фотокөрме ұсынылды. Эфиопия журналистері ХХ ғасырдың басында Алаш саяси либералды-демократиялық қозғалысының қызметімен, Алаш-Орда үкіметін құру мақсаттарымен және олар насихаттаған жалпыхалықтық демократиялық құндылықтармен танысты.

Рүстем Әбдірашевтің «Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі іс-шара бағдарламаның мәдени бөлігін толықтырды. Фильм журналистердің жоғары пікірлерін тапты және қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихына үлкен қызығушылық тудырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға