Қазақстан конькишілері жасөспірімдер арасында әлем кубошынан жүлде алды
![Қазақстан конькишілері жасөспірімдер арасында әлем кубошынан жүлде алды Қазақстан конькишілері жасөспірімдер арасында әлем кубошынан жүлде алды](/storage/storage/element/2024/12/01/mainphoto/132217/1200xauto_KudwSbJBIo5kx56zQqjHAXFcCe5d5UZNbv7Rhv80.jpg)
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
01.12.2024 18:21
1007
Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөпсірімдер құрамасы әлем кубогында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz-тің жазуынша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогының кезеңінде табысты өнер көрсетті.
Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында өрт кезінде үй жалыннан аман қалды
Келесі жаңалық
Велоспорт: Евгений Федоров Азия чемпионатында топ жарды