Қазақстан конькишілері Калгариде өтетін Әлем кубогына қатысады

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
23.01.2025 05:26
694
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) конькимен жүгіруден Канада өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ISU мәліметін жариялаған еліміздің ҰОК ақпаратына сәйкес, ірі турнирде Қазақстан командасынан 17 спортшы сынға түспек.
Олардың қатарында Мария Деген, Надежда Морозова, Кристина Шумекова, Инесса Шумекова, Маргарита Галиева, Кристина Силаева, Дарья Важенина, Роман Биназаров, Виталий Щиголев, Артур Галиев, Демьян Гаврилов, Александр Кленко, Евгений Кошкин, Бақдәулет Сағатов, Никита Важенин, Вадим Якубовский, Алтай Жәрдембекұлы сынды спортшылар бар.
Айта кетейік, Калгаридегі әлем кубогының кезеңі 24-26 қаңтар аралығында өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
"Экология басты назарда": Өндірістік өңірде қоршаған ортаны қорғауға қаншалықты мән берілген
Келесі жаңалық
«Барыс» осымен 47-рет жеңіліс тапты