Жаңалықтар

Қазақстан кемсітушілік деңгейі төмен ел ретінде бағаланды

Қазақстан кемсітушілік деңгейі төмен ел ретінде бағаланды
Фото: El.kz 20.03.2023 16:35 1033

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Әлеуметтік институттар мен гендерлік индекстің (SIGI) 5-ші басылымын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі АҚДМ-ге сілтеме жасап.

SIGI индексі бойынша Қазақстан кемсітушілік деңгейі төмен ел ретінде бағаланды (22%). 2019 жылы да рейтинг 22% болған еді.

2023 жылы SIGI индексінің «Отбасындағы кемсітушілік деңгейі» субиндексі бойынша Қазақстанның позициясы 15%-ға (2019 жылы – 22%) айтарлықтай жақсарған. Сарапшы мамандардың айтуынша, бұл - жақсы көрсеткіш, себебі Орталық Азия бойынша орташа көрсеткіш 22%-ды құрап отыр. Қазақстанның аталған зерттеуге қатысуы бойынша жұмыстарды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үйлестірді. Жалпы, зерттеуге, барлығы 179 ел қатысқан, - делінген ақпаратта.

2023 жылғы SIGI деректер базасы саясаткерлер мен мамандарға әлемде қыздар мен әйелдерге қатысты кемсітушілік деңгейі қай өңірде тұрақты екенін және қоғамда кемсітушілікке жол ашатын заңдармен, нормалармен, сондай-ақ тәжірибелермен күресудің бастапқы жолдарын анықтауға мүмкіндік бермек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға