Жаңалықтар

Қазақстан Хорватиямен тауар айналымын ұлғайтады

Қазақстан Хорватиямен тауар айналымын ұлғайтады
Фото: Ұлттық экономика министрлігі 10.11.2023 05:02 1107

Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҚР-дағы Хорватия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар өзара тиімді әріптестік деңгейін жоғары бағалап, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, фармацевтика, IT технологиялар, туризм және спорт саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Екі елдің тауар айналымын ұлғайту үшін үлкен әлеуеті бар. Қазақстан өзінің экономикалық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін әрқашан ашық, - деп атап өтті ҰЭМ басшысы, Қазақстан тарапынан үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Ә.Қуантыров.

Өз кезегінде Р. Шабанович Хорватияның «Адрия» мұнай құбыры арқылы Шығыс Еуропа елдеріне қазақстандық мұнай экспортының көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Хорватия арасында тікелей әуе қатынасын орнатуға мүдделі екенін айтты. ​Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға