Қазақстан хоккейшілері бүгін Чехияға қарсы ойнайды

Фото: ҚР хоккей федерациясы
Фото: ҚР хоккей федерациясы
14.05.2023 15:12
1112
Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған ойын бүгін Астана уақытымен 23:20-да басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасынан көрсетілмек.
Құрамалар В тобында сынға түседі. Аталған топта Канада, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия, Латвия командалары өзара мықтыны анықтайды.
Чехия алғашқы кездесуінде чехиялық құрама Словакияны 3:2 есебімен ұтса, Қазақстан Норвегияны буллитте 4:3 есебімен ұтты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Полицейлер жоғалған бір үйір жылқына иесіне табыстады
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді