Жаңалықтар

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey 11.05.2024 20:05 648

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Алғашқы ойында біздің команда Франциямен кездесті. Бірінші таймның басында француздар бірінші болып гол соқты, бірақ Қазақстан бір минуттың ішінде есесін қайтарды. Матчтың сегізінші минутында Қазақстан құрамасы екінші голды соқты. Олар екінші таймда-ақ соңғы есепті 3:1-ге жеткізді.  

Қазақстан құрамасының сапында соғылған голдардың авторлары:
- Роман Старченко
- Максим Мұхаметов
- Кирилл Савицкий

Келесі ойынды қазақстандықтар ертең Словакия құрамасымен өткізеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 15:20-дa.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға