Qazaqstan Hockey Open: Қазақстан құрамасы Ресейден жеңілді

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
01.05.2025 23:10
221
Qazaqstan Hockey Open турнирінің алғашқы матчында Қазақстан хоккей құрамасы «Россия 25» командасымен кездесті. Бұл матчта қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sport.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші кезеңде Сергей Кудрявцев қорғаған қақпаға Данила Аймурзин мен Дмитрий Саморуков жауапсыз екі шайба соқты. Екінші кезеңде есеп айырмасын Марат Хайруллин мен Михаил Воробьев ұлғайтты. Соңғы жиырма минутта алаң иелері Алихан Әсетовтің күшімен бір шайба қайтарды — 1:4.
Турнирдің екінші матчында 3 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстан құрамасы Беларусьпен кездеседі.
10 мамырда Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын Норвегияға қарсы матчпен бастайды.
Бөлісу:
