Жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс мандатын кім иеленді

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс мандатын кім иеленді
Фото: Қазақстан Халық партиясы 27.03.2023 19:22 1686

Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың басшылығымен Саяси бюроның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқосу барысында партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланған кандидаттарға депутаттық мандат бөлінді.

Кандидатуралар алқа талдауына түсіп, ұзақ талқыланды, – деді ҚХП төрағасы.

Саяси бюро мүшелері депутаттық топ құрамын жасақтауға қатысты шешім қабылдаған кезде әйелдер мен жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген міндетті квотаны ерекше назарда ұстады.

Нәтижесінде Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, Параолимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейтжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сынды кандидаттар мандатқа ие болды.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау қорытындысына сәйкес, Қазақстан Халық партиясы 5 пайыздық межені еңсеріп, Парламент Мәжілісіне өтті. Сайлаушылардың дауысы Халық партиясын 5 парламенттік мандатпен қамтамасыз етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға