Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
11.11.2024 23:36
618
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының нақты санын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елдегі халық саны 20 223 218 адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. 9 айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамға жеткен.
9 айда Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келген. Ал қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанайда тұрғын үй жанында көлік жанып кетті
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды