«Қазақстан халқына» қоры пара-хоккей құрамасына қолдау көрсетті
Қор осы мақсаттарға 12,4 миллион теңге бөлді
Қайырымдылық жобасы аясында Қор қазақстандық құраманың пара-хоккейден халықаралық жарыстарға дайындалуы және қатысуы үшін спорттық мүкәммалды (инвентарь) сатып алып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 желтоқсанда қазақстандық параспортшылар Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан хоккейден C-pool Әлем чемпионатына аттанды. Чемпионатта параспортшылар 50 жаңа сырғытпа таяқпен мұз алаңында өнер көрсетуде. Сондай-ақ 16 шана жеткізіледі деп күтілуде. Қор осы мақсаттарға 12,4 миллион теңге арнады.
Параспорттаушылар пара-хоккейден Әлем чемпионатына қатысуы елдегі осы спорт түрінің деңгейін көтеруге, өңірлердегі параспорттың бұқаралық түрде дамып, танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ мүгедек адамдардың назарын спортқа тартуға мүмкіндік беретініне сенімді.
