Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры балалар нейрохирургиясына 15 млрд теңге бөлді

«Қазақстан халқына» қоры балалар нейрохирургиясына 15 млрд теңге бөлді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 29.06.2023 13:15 1144

«Қазақстан халқына» қоры балалар нейрохирургиясын дамытуға қаржы бөлді. Бұл туралы ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қоры құрылды. Қор қызметі бағыттарының бірі - өңірлерді маңызды функционалдық жабдықтармен қамтуға және материалдық-техникалық жарақтандыруға көмектесу, - деді Серік Ақшолақов елордада өтіп жатқан нейрохирургтардың V конгресінде.

Оның айтуынша, қор орталыққа 15 млрд теңге бөлген.

Қор өңірлердің балалар нейрохирургиясы бөлімшелерін қажетті аппаратурамен және құралдармен жарақтандыру бойынша қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл мәселе қазірдің өзінде шешіліп, іске асыру сатысында. Осы сәтті пайдалана отырып қор басшылығына алғыс айтамын, - дейді орталық басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға