"Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл" республикалық форумы өтті

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.
Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.
Форум барысында спикерлер ҚХА-ның құрылуы және оны құру идеясы туралы айта келе, Ассамблеяның 30 жылдағындағы маңызды жетістіктерге, Қазақстандағы бірлік пен келісімді қолдаудағы тарихи рөліне тоқталды. Сондай-ақ Алғыс айту күнінің маңызы мен мазмұны талқыланды.
Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Еліміздің барлық өңірінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті.
