Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны болған аймаққа 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны болған аймаққа 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 09.04.2024 07:33 849

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА республикалық және өңірлік штабтарының онлайн-отырысы өтті. ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру мәселелері және «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының жүзеге асу барысы қаралды. Оның шеңберінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккендерді азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киіммен, ең қажет тауарлармен, техникамен қамтамасыз етуге көмектесті.

Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ҚХА-нан 9,8 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды. Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері зардап шеккен өңірлерге 212,3 тонна азық-түлік пен ең қажет тауарларды, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам сомада қаржылық көмек жіберді.

Әр аймақтағы Достық үйлерінде волонтерлық орталықтар мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға