Қазақстан – Финляндия матчының төрешілері анықталды

Фото: Scor.md
Фото: Scor.md
04.09.2023 16:28
1275
Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчына төрелік ететін төрешілер бригадасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойынның бас төрешесі – румын Раду Петреску. Ал оған оның отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі, төртінші төреші – Марцел Бирсан.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан – Финляндия матчы 7 қыркүйек күні «Астана Аренада» өтеді. Басталу уақыты: жергілікті уақытпен 20:00-де.
Төрт ойыннан соң Финлияндия Н тобында 9 ұпаймен көш басында тұр. Қазақстанда да тоғыз ұпай бар, дегенмен финдерге қосымша көрсеткіштер бойынша есе жіберіп тұр.
Бөлісу:
