Қазақстан ФИФА рейтингінде Қырғызстанға жақындады

Фото: instagram.com/kff_team
Фото: instagram.com/kff_team
26.10.2023 16:46
866
Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада ғана құрамамыз сырт алаңда Финляндияны 1:2 есебімен ұтқан болатын. Осының арқасында ФИФА Қазақстанның рейтингі өсірген. Яғни өткен іріктеуге қарағанда құрамамыз екі сатыға жоғарылап, 98-орынға көтерілді.
Магомед Адиев шәкірттері Мавритания мен Тринидада және Тобагоны артқа тастап, Қырғызстан мен Палестинаға жақындадық.
Алғашқы бестік өзгеріссіз: Аргентина көш бастаса, одан кейінгі орындарға Франция, Бразилия, Англия және Бельгия жайғасқан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте жоғалған 19 жастағы тұрғын іздестіріліп жатыр