Жаңалықтар

Қазақстан Еуропа чемпионатына шыға алмаса, бас бапкер қызметінен кете ме?

Қазақстан Еуропа чемпионатына шыға алмаса, бас бапкер қызметінен кете ме?
Фото: instagram.com/magomedadiev 23.08.2023 16:02 1195

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Спорт-Экспресс» сайтына берген сұхбатында отставкаға кету туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

- Егер Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына өте алмаса, отставкаға кетесіз бе? Қазір осы сауал көптеген жанкүйерді қызықтырады.

- Нәтиже үшін мен жауаптымын. Егер бапкер командамен жұмысты жалғастырғысы келсе, ол тиісті нәтиже көрсетуі қажет. Мен жауапкершіліктен ешқашан қашқан емеспін және өзімді ақтау үшін кінәні біреуге артып қоймаймын. Шыға алмасақ – кінә менен.

- Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке шықса, не істейсіз?

Әзірге бұл туралы ештеңе ойлаған жоқпын. Шықсақ, жанкүйерлер не сұраса, сол тілекті орындаймын.  

- Астана орталығында биле десе ше?

- Бір рет билегенмін. Өзіңіз де мен қайда, би қайда екенін көрген шығарсыз. Осындай көркем бидің тас-талқан еткіңіз келе ме?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға