«Қазақстан ешкімнің артқы ауласы емес». Жұманғарин шетелдік БАҚ-та жүрген ақпаратқа пікір білдірді
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Bloomberg ақпараттық агенттігінің мәлімдемесіне қатысты жауап берді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қазақстан ешкімнің артқы ауласы емес. Біз - тәуелсіз, «Мәңгілік елміз». Жақында Түркістанда ресейлік әріптестерімді Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне апардық. Сол кезде экскурсовод осы залда хан өз кезеңінде елшілерді қабылдағанын айтты. Ол өте көп жыл бұрын болды. Сонда ресейлік әріптесімнің бірі «сіздердің тарихтарыңыз жайлы ештеңе білмейміз» деді. Кімнің артқы ауласы екенбіз? Бұның бәрі бос әңгіме, - деді Жұманғарин.
Еске сала кетсек, Bloomberg ақпараттық агенттігі Қазақстанды Ресей президенті Владимир Путиннің «артқы ауласы» деп атады.
Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары туралы хабарламасын агенттік «Макрон Путиннің артқы ауласына жаңа достар мен уран іздеп келді» деген тақырыппен шығарды.