Жаңалықтар

Қазақстан энергетика бойынша Циндаодағы конференцияда тәжірибе бөлісті

Қазақстан энергетика бойынша Циндаодағы конференцияда тәжірибе бөлісті
Фото: gov.kz 25.10.2024 05:32 499

Циндао қаласында (ҚХР) ҚР Энергетика вице-министрі Қ.Арымбек "Бір белдеу, бір жол"атты үшінші Министрлік энергетикалық конференциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конференция аясында Қ. Арымбек "Энергетикалық қауіпсіздікті арттыру үшін инновациялық технологиялардың тиімділігін пайдалану" және "Трансформация және қауіпсіздік: жаңа энергетикалық жүйелердің дамуын жеделдету" панельдік сессиялары аясында баяндама жасады.

Вице-министр өз сөзінде Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті.

Жел энергиясының, күн электр энергиясының және елдің гидропотенциалының әлеуетін атап өтті.

Сондай-ақ, мұнай және газ, электр энергетикасы салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимыл туралы хабарлады.

Конференция аясында ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының орынбасары Жэнь Цзиньдунмен кездесу өткізілді. Кездесу барысында тараптар ағымдағы ынтымақтастық туралы ақпарат алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасы арасында ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Сондай - ақ, қытайлық ірі энергетикалық компаниялармен-CNPC, Power China, China Energy және т.б. кездесулер өтті. Техникалық турлар аясында қытайлық "Huadian Qingdao" компаниясының газ турбиналық қондырғысының, сондай-ақ ШЫҰ технологиялар трансфері орталығының өндірісіне барды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға