Жаңалықтар

Қазақстан Елшісі Мозамбиктің Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Мозамбиктің Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: gov.kz 18.10.2024 03:33 378

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі, Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы Еркін Ахинжанов Мозамбик Республикасының Президенті Филипе Жасинто Ньюсиге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Елші Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелерін атап өтіп, Мозамбик Президентін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалар туралы хабардар етті.

Тараптар Қазақстан мен Мозамбиктің екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін ынтымақтастықты тереңдету үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Мозамбик Президенті Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен жылы лебізімен құттықтап, Қазақстан-Мозамбик қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бағытталған қызметіне табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға