Жаңалықтар

Қазақстан ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатып алуды цифрландырмақ

Қазақстан ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатып алуды цифрландырмақ
Фото: ҚР СИМ 01.02.2024 03:31 653

Қазақстан бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттік сатып алу процесі 100% цифрландырылған жалғыз ел. Бұл туралы СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі мемлекеттік сатып алу процесіне қандай да бір түрде тартылған мемлекеттің, банктердің және өзге де ұйымдардың өзге жүйелерімен интеграцияланған.

Қазақстанның бұл тәсілі бизнес-процестерді бірнеше рет жеңілдетуге және тұтастай алғанда бизнеске әкімшілік және қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік ЕАЭО туралы шартқа сәйкес ұлттық режимді өзара негізде ұсыну есебінен қамтамасыз етіледі. Яғни ұлттық режим басқа мүше мемлекеттердің өнім берушілеріне отандық өнім берушілерге берілетін ұқсас шарттарды беруді көздейді.

Осы уақытқа дейін ЕАЭО шеңберінде ЕАЭО туралы шартта көзделген түйінді мақсаттардың бірін іске асыру қамтамасыз етілмеген. Бұл мемлекеттік сатып алулардағы рәсімдерді толыққанды цифрландыру.

ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу рәсімдерін цифрландыру Қазақстан жеткізушілерінің ЕАЭО елдерінде сатып алуға қатысуға толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп ЭЦҚ-ны өзара тану қағидаларын әзірлеуде. Қағидаларды іске асыру сатып алуға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселені кешенді шешуге мүмкіндік береді.

Мүше мемлекеттерде мемлекеттік сатып алуды толыққанды цифрландыру жөніндегі шаралар жоспары, оның ішінде ЕАЭО туралы шартқа түзетулер, мүше мемлекеттердің веб-порталдарының бағдарламалық-аппараттық кешендерін жетілдіру іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында бейнеконференция форматында тараптардың кеңесі өтті. ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алуды толыққанды цифрландыру, атап айтқанда, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық форматта сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін құқықтық негізді қалыптастыру мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылы ЕАЭО елдері ЭЦҚ-ны өзара тану қағидаларын қабылдауды, сондай-ақ мүше мемлекеттерде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын веб-порталдардың бағдарламалық-аппараттық кешендерін жетілдіруді аяқтауды жоспарлап отыр.

Жалпы, Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ге мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қатысуы отандық бизнес алдында жыл сайынғы көлемі 100 млрд АҚШ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға