Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының командалық бәсекесінде жүлдесіз қалды

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының командалық жарысында Оңтүстік Корея құрамасына жол беріп, жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дзюдодан Бангкокте аяқталған Азия чемпионатының аралас командалық сайысында Қазақстан дзюдошылары бесінші орынға тұрақтады. Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақ дзюдошылары Оңтүстік Корея құрамасына 4:0 есебімен жеңілді.
Қазақстан дзюдошылары бірінші кездесуінде Моңғолия балуандарынан да 4:0 есебімен жеңілген еді. Жұбаныш белдесуінде Қырғызстан командасынан 2:4 есебімен басым түсті.
Азия біріншілігінде ұлттық құрама балуандары арасында Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Еліміздің дзюдошылары өткен жылғы құрлық біріншілігінде де 4 қола медаль иеленген еді. Биылғы сында отандық балуандарды шетелдік бапкер-кеңесші Роберт Мшвидобадзе баптап апарған.
