Қазақстан «Дэвис кубогына» қатысатын құрамын жариялады
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
16.08.2023 09:31
544
6-17 қыркүйекте теннистен Қазақстан құрамасы Софияда қонақта Болгарияға қарсы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф матчтарын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы келесі ойыншыларды таңдады: Александр Бублик (27 АТР), Тимофей Скатов ( 132 АТР), Михаил Кукушкин (243 АТР), Александр Недовесов (45 АТР), Андрей Голубев (74 АТР).
Болгария құрамасының ойыншылары: Григор Димитров (19 АТР), Димитар Кузманов (193 АТР), Адриан Андреев (201 АТР), Александар Лазаров (381 АТР)
Ойындар Болгария астанасында Ұлттық теннис орталығының ашық алаңында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Италияда Зеленскийдің «егізі» табылды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты