Жаңалықтар

Қазақстан бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты

Қазақстан бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 19.03.2025 15:12 116

Бұл күндері Тәжікстанда Наурыз мерекесіне орай «Navruz Youth World Festival» бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға 26 елдің делегаттары, соның ішінде Қазақстанның белсенді жастары мен волонтерлері қатысуда.

Халықаралық фестиваль мәдени алмасуды дамытуға, Наурыз мейрамын жаңару мен достықтың символы ретінде насихаттауға, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған. Фестиваль аясында білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология мәселелері қарастырылып, жастар саясатының негізгі міндеттері талқыланды, - делінген мәліметте.

Фестивальдің әр күні Тәжікстанның түрлі қалаларында өтеді. Іс-шара Душанбе, Айни, Пенжакент, Истаравшан және Худжанд қалаларында ұйымдастырылады. Бағдарламада білім беру және пікірталас алаңдары, стартап зертханалары, спорттық жарыстар, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шаралар бар.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға